Мәскеуде орыс оппозиционері, жемқорлықпен күрескер, Ресейдің солтүстік қиыр шетіндегі түрмеде қаза тапқан Алексей Навальныйды жерлеу рәсіміне адам көп жиналды. Билік Навальныйдың отбасына марқұмның сүйегін бермей бір аптадан астам уақыт зарықтырды, саясаткермен жұрттың қоштасуына бөгет қойды.