Accessibility links

Facebook қор биржасында инвесторлардың көңілін қалдырды


Nasdaq қор биржасы экранындағы Facebook белгісі. Нью-Йорк, 17 мамыр 2012 жыл.
Nasdaq қор биржасы экранындағы Facebook белгісі. Нью-Йорк, 17 мамыр 2012 жыл.

Facebook акцияларының биржада сатылуы қоғам назарын аударған оқиға болды. Әлемге белгілі әлеуметтік желі компаниясының құны АҚШ қаржы нарығы тарихындағы ең үлкен ұсыныс ретінде аталды.

Facebook компаниясының құны 104 миллиард доллар болған акциялары мамырдың 18-інде биржаға шыққан соң ақырындап бағасы түсе бастады. Әрбір акциясы 38,23 доллар болған оның құны соңында 25 пайызға арзандады.

Алғашында инвесторлар Facebook акцияларын иеленуге қызығып, оны сатып алатындарына сенімді болған. Бұл толқулар соңында қаржы нарығындағы IPO, яғни акциялардың биржаға алғашқы шығарылуы алғаш айтылған бағамен сәйкес болмай шықты.

Facebook-тің қызуы ірі банк инвестициясынан бастап, кішігірім жекелеген инвесторларға дейін жетті. Олардың бәрі Марк Цукербергтің осыдан сегіз жыл бұрын Гарвардтағы жатақханада басталған әлемге танымал әлеуметтік желісінің компаниясынан үлес алып қалуға тырысты.

FACEBOOK-ТІ БИРЖАДА СҮРІНДІРГЕН ҮШ СЕБЕП

«Facebook компаниясының акциялары не себепті арзандап кетті?» деген сауалға, басқа да көптеген қаржы сарапшылары сияқты, Rockwell Global Capital сарапшысы Питер Карделло Facebook акцияларының биржадағы құлдырауына себеп болған үш себепті айтты.

Біріншіден, Цукербергтің биржадағы құрметті қонақ ретіндегі NASDAQ сауда күнін бастаған қоңырау шылдырынан кейін, сирек болатын техникалық ақаудан қор
Марк Цукерберг (ортада) Facebook акцияларының Nasdaq қор биржасына түскенін бастап, қоңырау соққан сәті. АҚШ, 18 мамыр 2012 жыл.
Марк Цукерберг (ортада) Facebook акцияларының Nasdaq қор биржасына түскенін бастап, қоңырау соққан сәті. АҚШ, 18 мамыр 2012 жыл.
биржасындағы компьютер жүйесі тоқтап қалып, сауданы кешіктірді. Ол тез жөнделгенімен, нарықтағы көңіл-күйге көлеңкесін түсірді.

Екіншіден, Facebook акцияларын бірлесе шығарып отырған инвестициялық банктің бір сарапшысы сауда басталар қарсаңында ғана компанияның жылдық табысына қатысты қаржылық болжамын төмендеткені жайлы мәліметтер шықты. Оған Facebook жетекшілерінің жарнама тұрғысынан пайда тауып, әлеуметтік желідегі қолданушылар қатарын миллиардқа жеткізіп отырған үлгісі енді телефон аппараты арқылы қалай жұмыс істеуі мүмкін деген сенімсіздіктері түрткі болған. Хабарларға қарағанда, Morgan Stanley банкі оны қоғамға жарияламай-ақ, ең маңызды бірер клиенттеріне ғана айтқан.

Үшіншіден, Facebook акцияларын сатып алуға деген сұраныс нарықта қатты толқу туғызды. Facebook акциясын иеленбек болған инвесторлар сауда басталмай жатып-ақ биржадағы кедергілерден ұтылып отыр.

ИНТЕРНЕТ КОМПАНИЯЛАР БИРЖАДАН ТАРТЫНЫП ОТЫР

Акционерлердің екі тобы Facebook-тің үстінен сотқа шағым түсірді. Олар «компания мен оның қаржылық қолдаушылары инвесторларды тығырыққа тіреп, Facebook-тің бағасы жайлы шындықты тек ірі клиенттеріне ғана айтқан» деп отыр.

Экономикалық сарапшы Питер Карделлоның сөзіне қарағанда, «бұл айыптаулар
Facebook акцияларының қор биржасы саудасына түскенін хабарлап тұрған жазу. Нью-Йорк, 18 мамыр 2012 жыл.
Facebook акцияларының қор биржасы саудасына түскенін хабарлап тұрған жазу. Нью-Йорк, 18 мамыр 2012 жыл.
рас па», «заң бұзылды ма» деген мәселелерді инспекторлар тексеріп жатыр.

Facebook компаниясы өзіне қарсы сотқа берілген шағымдардан ештеңе өнбесіне сенімді.

Facebook-тің бұл сәтсіздігі қор биржасына акциясын шығаруды жоспарлаған басқа да интернет компанияларға әсер етті.

Ресейдің Vkontake әлеуметтік желісі осы аптада Facebook-тің биржадағы тұралауына байланысты өзінің жоспарланған қоғамдық ұсыныстарын кейінге қалдырғанын хабарлады.

Ресейлік интернет компанияның атқарушы директоры Павел Дуров: «Facebook компаниясының қор биржасына акциясын шығаруы әлеуметтік желілердегі көптеген жекелеген инвесторлардың сенімін бұзды. Бұдан кейін ресейлік компаниялардың ұсынысы белгісіз уақытқа кейінге шегерілді» деп жазды Twitter-де.

Жол сапары қызметін көрсететін Kayak.com веб-сайты да мамырдың соңына жоспарланған биржаға шығу жоспарын тоқтатып қойды. Бұл компания нарықтағы жағдай түзелгенше күте тұратындықтарын айтқан.
XS
SM
MD
LG